ЮНЕСКО материалдарында соңғы кездері білім беру саласында бүлдіргіш үрдісі байқалады. Оқушылардың психикасына зақым келтіруге БАҚ әсер етеді. Қоршаған ортаны ғалами үландыру болып жатыр. Созылмалы аурулармен ауырған адамдар саны өсуде. Жүйке ауруларымен ауыратын және өзіне өзі қол жұмсау саны өсуде. Жастардың денсаулығы нашарлауының негізгі факторы, ол оқу деп А.А.Цыганков дәлелдеп жатыр. Сол себептен оқытудың денсаулық сақтау технологиясы жаппай әзірленуде.
Бала – жоғары ешнәрсе бола алмайтын, қоғамның ең басты құндылығы. Әр балада бізге беймәлім денсаулықтың генетикалық күші жасырылған, ол жүзеге асырылады. Әр педагог сақ және ұқыпты баладағы өмір резервтерін, тіршілікке икемділікті оятуы қажет. Себебі бұл резервтер мен тіршілікке икемділік бастапқы дайын түрде берілмейді. Олар бұтақ тәрізді қалыптасады. Тәрбие және оқу барысында дамып, бекітіледі. Рухани төзімділікті бекіту үшін балаға өзіне сенімділікті күшейту, оқу қызметіндегі жетістіктеріне байланыссыз бала өзін-өзі бағалауды сезінуі қажет.
Қазіргі уақытта бала агрессиялығы тек дәрігерлер, педагогтар және психологтардың ең маңызды мәселесі болып қалмай, қоғамның да мәселесі болып табылады. Агрессиялық – агрессиялық мінезге алдын ала болатын жағдай, ниет. Ал агрессиялық әрекет – басқаларға зияның тигізуге бағытталған баланың тәртібі. Агрессиялық жағдай жек көру, қастық, ашу эмоциялық жағдайлармен қоса жүреді. Бұл әрекет басқа адамға зиян келтіру себептерін білдіреді: қорлау, кемсіту, төбелес, соққыға жығу. Өкінішке қарай, осындай мінез-құлығы бар балалар саны екпінді өсуде.
Бұның барлығы жағымсыз факторлармен туады: балалардың әлеуметтік жағдайының төмендеуі, отбасылық тәрбиенің дағдарысы, баланың жүйке-психикалық жағдайына мектептің көңіл қоймауы, патологиялық босану пайызының өсуі (баланың миына зақым келтіру түрінде зардабын қалдыратын). Зорлық табынушылықты жүйелі түрде насихаттайтын бұқаралық ақпараттар құралдары өз үлесін қосады.
Бала агрессиялық себептеріне жатады:
Агрессиялық – бұл ішкі қолайсыздықтың сыртқа шығуы. Адамда барлығы жақсы болғанда өзін агрессиялық түрде үстамайды. Агрессиялық балаларға жоғарғы қобалжушылық, өзің шеттетілгендей сезініп, қоршаған ортаны әділетсіз деп санап, өзін-өзі барабар емес сезіну (өзін-өзі төмендете бағалауы). Өзінің агрессиялығымен бала мәселелермен өз бетінше күресе алмайтыны туралы, өзіне назар аудару қажет екені туралы белгі береді. Мұғалімге қойылатын талап агрессиялық балаға көмек көрсету, шын көңіл аударып, баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, оның ішкі дүниесіне назар аудару қажет, сезімдерін және мінезінің себептерін түсіну.
Тәжірибелік қызметте келесі міндеттер шешіледі: