Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектеп» КММ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мазмұны
1. Мектеп туралы ақпарат
1.1. Ағымдағы ахуалды талдау
1.2.Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеті
2. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері
2.1. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері
2.2. Тұжырымдаманы жүзеге асырудағы күтілетін нәтиже
3. Тұжырымдаманы іске асыру құралдары
1. Мектеп туралы ақпарат
Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының «Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі 1979 жылы 31 тамызда ашылды.
Педагогикалық ұжымның өтініші бойынша Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен 2001 жылы № 16 орта мектепке ақын Төлеген Айбергеновтің аты берілді, ақынның мектепте мемориалдық мұражайы ашылды. Мекеме типтік ғимаратта орналасқан, мекенжайы - Кенесары көшесі, 81.
2014 жылдан мектеп директоры – Айтмухаметова Балжан Қаиртайқызы
Қазіргі уақытта мектепте 2456 оқушы оқиды.
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. 2017 жылғы қыркүйектен мектепке қосымша ғимарат салынып, онда бастауыш сыныптар оқиды.
1.1. Ағымдағы ахуалды талдау
Мектепте 129 мұғалім жұмыс істейді. Шебер мұғалім-6, зерттеуші мұғалім - 42, жоғары санатта - 5, эксперт - 19, бірінші санат - 5, модератор - 14, екінші санат - 9,санаты жоқ - 29 мұғалім жұмыс жасайды. Мектеп мұғалімдерінің еңбектері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының, Білім беруді жаңғырту орталығының, Педагогикалық шеберлік орталығының, қалалық «Әділет» кәсіподақ ұйымының, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істер бойынша департаментінің алғыс хаттары мен мақтау қағаздарымен марапатталған.
Мұғалімдер оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды белсенді түрде енгізуде. Мектеп екі спортзалымен жабдықталған, оның базасында әр түрлі спорттық секциялар жүргізіледі: волейбол, күрес, дзюдо, карате, таэквондо, баскетбол. Секция қатысушылары қала деңгейіндегі, республика көлеміндегі спорттық сайыстарының үздік жеңімпаздары.
Төлеген Айбергеновтің мемориалдық мұражайы. Мұражайдың марапаттары мен жетістіктері: «Үздік мектеп мұражайы -2011» байқауының жеңімпазы, диплом. «Үздік мектеп мұражайы- 2017» қалалық байқауда 3-орын жеңімпазы, диплом. «Үздік мектеп мұражайы -2018» қалалық байқауда «Бас жүлде» иеленді.
1.2.Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеті
Тұжырымдаманың мақсаты - ұлтымыздың тарихи, мәдени мұраларының ерекшеліктерін түсініп, рухани құндылықтарды сіңірген, жаһандық құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Туған өлкесінің тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарау.
Тұжырымдаманың міндеттері - ұлтымыздың тарихи, мәдени мұраларын кеңінен біліп, ерекшеліктерін түсіну; жеке ғылыми тақырыптарда конференциялар, ғылыми жобалар жазуды жүзеге асыру;
рухани құндылықтарды дәріптеу бойынша жұмыстар жүргізу;
оқушыларда отансүйгіштікті, азаматтық сана-сезімді, адамгершілікті тәрбиелеуде тиімді пайдалану;
2.Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері
2020-2021 оқу жылы мектепте жас ұрпақтың рухани мінез-құлықтарын дамыту мен өркендетуде, патриоттық және азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға негіздеу.
2021-2022 оқу жылы тарихи және көркемдік құндылықтарды көрсете отырып, оқиғалар мен құбылыстар жайлы ақпарат көзін жетілдіру.
2022-2023 оқу жылы мәдени құндылықтарды сақтау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес экскурсиялар өткізу, сырты серіктестерді тарту және жан-жақты байланысты нығайту.
2023-2024 оқу жылы ұлттық құндылыққа негізделген ғылыми жұмыстар, бейнесабақтар, авторлық бағдарламалар, әдістемелік құралдар, ғылыми еңбектер ұсыну, жылжымалы көрмелер, тақырыптық конференциялар, түрлі іс-шаралар жүргізу.
2024-2025 оқу жылы сыртқы байланысты күшейту: зерттеу жұмыстарын жариялау,көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, басылымдар шығару.
2.1.Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері (кадрлар, бағдарламалық-әдістемелік және материалдық-техникалық жағдайлар).
1) Тұжырымдаманы іске асырудың стратегиялық басымдықтары:
• білім ордасында рухани жаңару жұмысын жандандыру;
• мұғалімдердің, білім алушылардың, ата-аналардың жаңару жүйесіндегі өзгерістер туралы жеткілікті дәрежеде хабардар болуын қамтамасыз ету;
• көшбасшылардың, мұғалімдер мен мектеп оқушыларының инновациялық мәдениетін қалыптастыру;
• кадрларды жаңарту және қайта даярлау;
• тәрбие жұмысының сапасын бағалау тетіктерін жетілдіру;
• заманауи жабдықталған оқу-білім кеңістігін құру.
2.2. Тұжырымдаманы жүзеге асырудағы күтілетін нәтиже
• Рухани-адамгершілік дамудың негізі ретінде оқушының өзіндік ой –пікірі қалыптасып, ішкі уәжі артып, әлеуеті көтеріледі.
• Ұлтымыздың тарихи, мәдени мұраларын кеңінен біліп, ерекшеліктерін түсінеді;
•Рухани құндылықтарды дәріптей отырып, азаматтық, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға саналы қатынасты көздейтін жеке тұлға қалыптасады;
•Туған өлкесінің өткен мәдениеті мен тарихи ескерткіштерін зерттеуде мұражай қорын тиімді пайдаланады;
3. Тұжырымдаманы іске асыру құралдары, заңдылық негіздері
Қазақстан Республикасында мұны қамтамасыз ету барлық заңды ұйымдар мен нақты адамдардың адамгершілік борышы және заңмен белгіленетін міндеті болып табылады.
1) ҚР Конституциясы
2) “Білім туралы” 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
3) Қазақстан Білім және ғылым министрлігі «Мәдени Мұра» Тұжырымдамасы
4) “Мәдениет туралы” 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
5) “ Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 -2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. (“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы).
ҚОСЫМША 1.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы
3. Қазақстан Республикасы Президенті «Мәдени Мұра» мемлекеттік бағдарламасы.
4. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 -2025жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы)
5. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек
«ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ»
V. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ БІЛІМ
1. Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне назар аудару.
2. Балалардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау.
3. Білім беру сапасын арттыру.