Күзгі мұз қату – өзен, көлдер мен су айдындарындағы алғашқы мұздың қатуы. Алғашқы мұз конькимен сырғанауға, балық аулауға ғана емес жолды қысқартып, сықырлақ мұздың үстімен шүруге де шақырып тұратын сыңайлы.
Әйтсе де, алғашқы мұз тек сырт көзге ғана бекітініп қатқан болып көрінеді. Шын мәнінде, ол жұқа, қауіпсіз емес және адам салмағын көтере алмағандықтан өте қауіпті болып табылады.
Қалалық Суда-құтқару қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына күзгі жұқа мұздың қауіптілігі жайында ескертеді.
Мұздың қатуы кезеңінде қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, мұздың бетіне шығуға, оның үстінде ойнауға, балық аулауға тыйм салынады. Мұздың қалыңдығы 10-12 см-ге жеткен кезде ғана оның бетіне шығу қауіпсіз болатындығын есте сақтау қажет.
Сондай-ақ, мұздың беті қармен жабылған жерлермен жүрмеуге тырысқан абзал, себебі ондай жерлерде мұз әлдеқайда баяу қатады.
Кей жағдайларда су айдынының бетіндегі мұздың қалыңдығы 10 см-ді құраса, ал қардың астында қалыңдығы 3 см-ді құрайды. Бұлақтың басы бар немесе су айдынына басқа да жылы су көздері құйлатын жерлерде мұздың бетіне шығуға қауіпті. Бұндай жерлерде мұз өте баяу қатып, қыс мезгілінің өзінде қауіптілік төндіреді.
Есте сақта, мұздың қауіпсіз қалындығы келесідей:
- бір адам үшін – 8 см;
- бір топ адам үшін – 15 см;
- мұз айдынын және ойын алаңдарын құрастыру үшін – 30 см кем емес (сонымен бірге, мұз айдынының көлеміне, сырғанап жүрген көпшілігіне және су қоймасының тереңдігіне байланысты құтқару қызметімен келісілген мұз айдынына түсетін салмақты қосымша есептеу қажет).
Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың тәртібі туралы ереже
-Егер көшеде артыңнан сезікті біреу қалмаса немесе қуса, үйің алыс болса, жақын жердегі адам көп шоғырланатын жерге: дүкенге, автобус аялдамасына жүгір.
-Егер бейтаныс ересек адам сені күштеп әкететін болса, «Көмектесіңдер! Мені бейтаныс адам әкетіп барады!» деп көмекке шақыр, айқайла.
-Бейтаныс ересектердің ешқандай ұсынысына келіспе.
-Бейтаныс ересектермен ешқайда барма, олармен бірге көлікке отырма.
- Ешқашан ата-анаңда көп ақша барын айтып мақтанба.
-Егер үйіңде ересектердің ешқайсысы болмаса, бейтаныс балаларды шақырма.
-Кеш қарайғанда далада ойнама.
-Жақсы таныс адамға ғана есік ашуға болады.
-Пәтердің кілтін «сенімсіз жерде» қалтырма.
-Кілтті бауынан мойныңа ілме.
-Кілтті жоғалтып алсаң – ата-анаңа дереу хабарла.
-Құйрығын бұлғандатудың бәрін достық шырай таныту деп ойлама. Кейде бұл қастық көңіл болуы мүмкін.
-Иттің көзіне тік қарауға және күлуге болмайды. «Иттерше» бұл «тісін көрсетуді», немесе сіздің мықты екеніңізді білдіреді.
-Қорқынышыңыз бен алаңдаушылығыңызды көрсетуге болмайды. Ит мұны сезіп, өзін агрессивті ұстауы мүмкін.
-Иттен қашуға болмайды. Мұнымен итті аң аулауға шақырасыз.
-Басқа біреудің итіне тамақ бермеңіз және ит тамақтанып немесе ұйықтап жатқанда оған тиіспеңіз.
-Күзет тұқымының үлкен иттеріне жақындамаңыз. Олардың кейбірі белгілі бір қашықтыққа жақындаған адамдарға тап беруге үйретілген.
-Итпен немесе оның қожайынымен қатынаста, шұғыл қозғалыстар жасамаңыз. Сіз оны қорқытып тұр деп ойлап қалуы мүмкін.
-Анасы қасында болса, күшіктерге тиіспеңіз және ит ойнап жатқан нәрсені алып қоймаңыз.
-Егер тар жерде (мысалы, кіре берісте) сізге қарсы бағытта қарғыбаумен ит келе жатса, тоқтап, оның иесін өткізіп жіберген дұрыс.
-Хайуанаттар құтыру, теміреткі, оба, сүзек және т.б. ауруларды таратуы мүмкін.