-
Баланы мектепке шығарып салыңыз және қарсы алыңыз
-
Жол жүру ережесін қайталап тұрындар
-
Баламен мектептегі жұмыстар, жаңалықтар, сабақтар, тапсырмалар, үзілістер, достары, не ұнады, не ұнаған жоқ, не ренжітті, не қызықтырды туралы әңгімелесіп тұрыңыз…
-
Қолдап, сенімін күшейтіңіз, жағымды іске бағыттаңыз
-
Өзіңіздің мектептегі жылдарыңыз туралы айтып беріңіз
-
Жиі мақтап, кез келген жетістіктер мен жеңістерге қуаныңыз
-
Бала бір нәрсені түсінбесе сөкпей, асықпай түсіндіріңіз. Баланың қателікке құқығы бар, ол үйреніп жүр.
-
Балаға тіл тигізбеңіз, сөкпеңіз
-
Күн тәртібін құрастырыңыз және сақтауға үйретіңіз (үйде сабақ оқу барысында 30 минут сайын 15-20 минут үзіліс жасап, демалтыңыз және таза ауада серуендітіңіз)
-
Оқушының жұмыс орнын жабдықтаңыз
-
Алғашқы кезде үй тапсырмасын біргі отырып орындаңыз. Бірте-бірте үй тапсырмасын бірге орындаудан сырт қалып, балаға өзіне орындауға мүмкіндік беріңіз, өзіңіз бақылаңыз
-
Баланы үй жұмысына қатыстырыңыз (ыдыс жуғызу, өз бөлмесін жинату ...)
-
Балаларыңыздың қызығушылығымен өмір сүріңіз
-
Мұғалімдермен жиі тілдесіп тұрыңыз (біз бір жалпы іс істеп жатырмыз)
-
Балаңыздың жаңа достарымен таңысыңыз
-
Баланың сырқаттану туралы шағымына назар аударыңыз (бұл бейімсіздік белгілері болуы мүмкін)
-
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне екі тоқсан беріледі (егер осы уақыт ішінде бала мектепке бейімделмесе, мамандарға жүгіну қажет)