Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


Музей

 

 Виртуалды тур

  
Қазан айының 17-сі күні Төлеген Айбергеновтің мемориалдық музейінде музей авторы, композитор,Төлегентанушы Ерсайын Нарымбаевпен кездесу өтті.
Мақсаты: музей жұмысының тарихи деректеріне талдау.
Мектеп директоры Азимханова Сауле Мыншалқызы,музей жетекшісі Жусипова Гаухар Жетебайқызы автордағы құнды мағлұматтарды музейге сақтауға, музей тарихын автордың қайта рәсімдеп архивке өткізуіне пікір білдірді.
Осы орайда, осы уақытқа дейін жарияланбаған сурет табылды. Мектеп директоры С.Азимханова Төлеген Айбергеновтің ұлы Дәуренмен үлкен іс-шарада түскен суреті бар болып шықты. Сурет мектеп музейіне өткізілді.





Төлеген Айбергенов мұражайы

 Педагогикалық ұжымның үндеуі бойынша Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен 2001 жылы №16 орта мектеп Төлеген Айбергенов атындағы мектеп болып өзгертілді. 2007 жылғы наурызда мектеп        М. Шахановтың, қызы А. Айбергенованың қатысуымен ақынның 70 жылдығын атап өтті. Мектепте Төлеген Айбергенов атындағы мұражай жұмыс жасайды.

  

 











Мұражайдың тақырыптық құрылымы 4 бөлімнен тұрады:

 Талантты ақынның мұражайында Т. Айбергеновтың отбасы сыйлаған өмірі мен қызмет аясын дәріптейтін экспонаттар сақталады. Мұражай қызметкерлері мен мектеп әкімшіліг ақын өмірінен деректер жинап, оларды жүйелейді.

Бірінші сатыда – Т. Айбергеновтың мектептегі құжаттары, Алматы ауданына қарасты Қаскелең орта мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған кездегі, комсомолдық өмірінен деректемелер. Төлеген Айбергеновтың осы мектептегі өмірінен фотоқұжаттары, жас поязия телефестиваліне белсене қатысқаны үшін алған мақтау грамотасы, жемісті шығармашылық жұмысы үшін Гурьевскийдің грамотасы сақталады. Аталмыш экспонаттарда – ақынның балалық шағы, жастың шағы – оның өмір жолының басы, жұмысы көрсетіледі.

Екінші сатыда – студенттік өмірі. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтының №440391 дипломы бар. Ташкентте қалай оқығандығы туралы ақпараттар, студенттік жылдарының сипаттамасы, алғашқы өлеңдері, шығармашылық жұмыстары бар.

Үшінші сатыда кәдесыйлар, мемлекеттік марапаттаулар, ақынның қол жазбалары, жеке заттары сақталады. Бұл бөлімде көптеген фотосуреттер мен құжаттар ұсынылған. Т. Айбергеновтың отбасы мұражайға сыйға тартқан ақынның кітаптары, қолжазбалары. Ақын өмірінің соңғы жылдарындағы басылымдары, кітаптары, фотосуреттері. Т.Айбергеновтың мерейтойына аранлаған мәдениет қайраткерлерінің өлеңдері, басылымдары, газет бетіндегі басылымдары. Пікірлер кітабы. Ақын жұбайы Үрниса Айбергенованың еске алулары. сақталады. Т. Айбергеновтың мерейлі күнін тойлауға арналған ақын шығармашылығы бойынша балалардың суреттері, Т.Айбергеновтың поязиясы бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстары.Мемориалдық мұражайдың жемісті жұмыс жасауы үшін мұражай басшысы Есематованың басшылығымен мұғалімдерден шығармашылық топ құрылды.

 Төртінші сатыда шығармашылық топтың жұмысына экскурсиялар ұйымдастыру, мәнерлеп оқу бойынша мектепішілік жәәне қалалық байқаулар өткізу және дайындау, әндер мен шығармалар байқауын, сынып сағаттарын, кездесілерді, дәстүрлі Айбергенов оқуларын және басқа да байқауларды өткізу. Мұражай құрылғаннан бастап қалалық, республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілуде: Жыл сайын қала мектептерінің оқушыларының қатысуымен Айбергенов оқулары өткізіледі. 2009 жылы Қазақ –Түрік лицейінде және Л.Н. Гумилев атында ЕҰУ жас ақындардың қалалық байқауы ұйымдастырылды. Мұражай басшысы Есематова А.Б. «Т. Айбергенов білім алған, қызмет еткен жерлері» фильмінің тұсаукесер-көрсетілімін ұйымдастырды. Мектеп мұғалімдері мен оқушыларының күшімен ақынның туған күні қарсаңында әдеби кештерғ композициялар мен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

 

 

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год