Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


«21-ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»

15 кыркүйек күні Төлеген Айбергенов атындағы 16 орта мектебінде маңызды іс-шара – «21-ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Бұл мектептің оқушылардың отбасыларымен жұмысының инновациялық формасы. Қазіргі заманғы ата-аналар әрқайсысы өз отбасында бала дамуы мен тәрбиесі үшін оңтайлы жағдайлар жасап қана қоймай, сонымен қатар мұғалімдермен және мектеп әкімшілігімен тұрақты түрде өзара әрекет етуі тиіс.

Мектептің психологі Сайранова Гульсан Кабиденовна мыныдай сұрақтар бойынша ата – аналарға психологиялық көмек көрсетті:

  1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.
  2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.
  3. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.
  4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.
  5. Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу, Бедел, Белсенділік.
  6. Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары.
  7. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру.
  8. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.

Конференцияға  1-сынып оқушылырының ата – аналары қатысты, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің тапсырысы бойынша  ата – аналармен саулнамалар толтырылды және психолого – педагогикалық ұсыныстар мен кеңестер кітапшасы таратылды. Ата – аналардың алдында мектеп диреректорының бастауыш сынып орынбасары Касымова Радгүл Тоқтамұратовна, бастауыш сынып мұғалімі Тукаева Айтжан Теменовна , 3 «А» сынып оқушысының ата – анасы Батай Мария Батайқызы  балаларға  жаңа оқу барысында қандай көмек көрсете алатын жайында сөз сөйледі.



Просмотров: 504

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год