Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 
Мектеп инспекторы 
полиция капитаны
Калиякбарова Нургуль Байгенженовна
тел 87072736677


«Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектеп тәжірибесі» практикалық конференция

«Сабақты зерттеу (Lesson Study):  қазақстандық мектеп тәжірибесі»

практикалық конференция

2018 жылғы 18 мамырда «Сабақты зерттеу (Lesson Study):  қазақстандық мектеп тәжірибесі» қалалық практикалық конференция өтті. Осы конференцияны «Назарбаев Зияткерлік мектеп» ААҚ Педагогикалық шеберхана орталығы Астана қаласының Білім жаңғырту орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. 

Конференция мақсаты: озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін дамыту және қолдауға бағытталған механизмін құрастыру. Конференция презентациядан басталды,  оған Астана қаласының 16 мектебі қатысты және пленарлық мәжіліспен аяқталды.  Lesson Study тәсілін енгізу бойынша өткізілген қорытындысын Төлеген Айберегенов атындағы № 16 орта мектеп директоры Балжан Каиртаевна Айтмухаметова Педагогикалық шеберхана орталығының алғыс хатымен марапатталды.

Секциялық мәжіліс жұмысында 20 астаналық мектеп, гуманитарлық колледж, Астана қаласының Халықаралық үздіксіз білім колледжі, Қарағанды және Көкшетау қалаларының ПШО өкілдері қатысты, алты секция төрт бағытқа бөлініп жұмыс істеді:

  1. Сабақты зерттеу (Lesson Study) практикалық үлгісі: мектеп үрдісін үйлестіру және ұйымдастыру.
  2. Сабақты зерттеу (Lesson Study): теория, әдістеме және мәліметтерді талдау.
  3. Сабақты зерттеу (Lesson Study) және педагогикалық қоғамдастық.  
  4. Сабақты зерттеу (Lesson Study) негізінде мектептік біліктілік арттыру жүйесі.

Секция жұмысында № 16 орта мектеп мұғалімдері баяндама жасады:

Закирина Гульмира Кайсашевна - №1 секциясы, «Lesson Study педагогикалық тәсілін мектеп практикасына енгізу»;

Нуржанова Нурсулу Сагнаевна – №1 секциясы, «Lesson Study тәсілі арқылы мұғалімдердің үздіксіз кәсіби шеберліктерін дамыту»;

Уринбасарова Гулистан Якшылыковна – №3 секциясы, «Lesson Study мұғалімдердің  как средство сетевого профессионального взаимодействия учителей»;

Жусипова Гаухар Жетибаевна – №3 секциясы, «Сабақты зерттеу тәсілін тиімді қолдану»;

Ахметуалитова Жанаргуль Толеубековна -   №3 секциясы, «Формативтік бағалау көмегімен оқушылардың ынтасын қалай көтеру керек?».

Қорытындысында секцияға қатысушыларға сауалнама жүргізілді және конференция жұмысына қатысқандары үшін сертификаттар берілді






Просмотров: 293

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2023 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
astanash16@mail.ru


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год