Мектеп Парламентінің Президентін сайлауға мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері келіп дауыс берді.
Дауыс беру барысында барлық ережелер сақталып, сайлау әділетті түрде өтті.
Сайлаушылар өз таңдауларын жасап, өткізілген іс-шараға белсенділік танытты.
Мектеп өміріне бей-жай қарамай, дауыс берген сайлаушыларға алғыс білдіреміз.
Сайлау нәтижесі:
Барлығы-558 сайлаушы дауыс берді.
Оның ішінде мұғалімдер - 47.
Сайлау кандидаттары:
Ең көп дауыс жинаған 9 «А» сынып оқушысы Рассулов Тимур - Мектеп Парламентінің Президенті атанды.
Сынып жетекшісі: Рабиға Хабибуллаевна!
Құттықтаймыз!