«Тіл – елдің тұтастығы»
Бүгін, мектебімізде “қазақ тілі мен әдебиеті”, “ағылшын тілдері”, “орыс тілі мен әдебиеті ӘБ бірігіп, Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – елдің тұтастығы» атты іс-шара өтті.
🔹Іс-шара үш тілде жүргізілді;
🔹 Білім алушыларымыз үш тілде тіл туралы нақыл сөздер айтты;
🔹Мектебіміздің білім алушылары ақындардың өлеңдерін оқыды;
🔹 5 сынып оқушылары ән айтса, мектебіміздің жас мамандары “Сен сұлу” әніне қойылым қойды.
⚜️ Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың кең даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, ен далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр.
Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай!
Ұлт боламыз десек Тілімізді сақтайық! (М.Жұмабаев)
Просмотров: 155
Комментарии