Пән | Оқыту тілі | Бос орын саны | Жүктеме | Лауазымдық жалақысы | Талаптар |
Математика (жоғары сыныптарға) | орыс | 1 | 1 бірлік | Еңбек өтілі мен санатына байланысты 72557 -дан | Білім: жоғары; |
Бастауыш оқыту | орыс | 2 | 1 бірлік | Еңбек өтілі мен санатына байланысты 72557 -дан | Білім: жоғары; арнайы орта |
Информатика (жоғары сыныптарға) | орыс | 1 | 1 бірлік | Еңбек өтілі мен санатына байланысты 72557 -дан | Білім: жоғары; |
Көркем еңбек (ер балаларға) | орыс | 1 | 1 бірлік | Еңбек өтілі мен санатына байланысты 72557 –дан | Білім: жоғары; арнайы орта |
Логопед | орыс | 1 | 1 бірлік | Еңбек өтілі мен санатына байланысты 72557 – дан | Білім: жоғары; арнайы орта |
Дене шынықтыру пәні мұғалімі | орыс | 1 | 1 бірлік | Еңбек өтілі мен санатына байланысты 72557 – дан | Білім: жоғары; арнайы орта |
Әлеуметтік педагог | орыс | 1 | 1 бірлік | Еңбек өтілі мен санатына байланысты 72557 – дан | Білім: жоғары; арнайы орта |
Функционалдық міндеттері | |||||
· Педагогикалық этика ережелерін сақтайды, білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамытады. · Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады, оған жүктемені бөлу бойынша бекітілген сыныптарда сабақтар мен басқа да оқу сабақтарын өткізеді, сабақ барысында тиісті тәртіп пен тәртіпті қамтамасыз етеді. · Оқу жоспарына, өзінің сабақ жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес мектепте қолданылатын білім беру бағдарламаларын іске асырады; бұл ретте оқытудың әртүрлі тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады. · Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес келетін білім алушылардың дайындық деңгейін қамтамасыз етеді. · Мекеменің жарғысын, ұжымдық шартты, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, сондай-ақ мекеменің жергілікті актілерін, мекеме әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдерін сақтайды. · "Білім туралы" ҚР заңында, Бала құқықтары туралы конвенцияда қамтылған білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын сақтайды. | |||||
Конкурс өткізу күні - 21 тамыз 2023 жыл, сағат 11.00 | |||||
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген- бар болса); 4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. | |||||
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды конкурсқа қатысу үшін кандидаттар ұсынуы тиіс: – 2023 жылғы 14-21 тамыз дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, хабарландыру электрондық және қағаз түрінде жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде. | |||||
Қосымша ақпарат: 108. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. 109. Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. 110. Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне педагогикалық әдепті бұзу туралы сұрау салу жібереді. 111. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі. 112. Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді. 113. Біліктілік талаптарына сәйкестікке кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды есептеуді жүзеге асырады. 114. Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балдары негізінде қабылдайды. 115. Ең көп балл жинаған үміткер конкурстан өткен болып есептеледі және мемлекеттік органның бірінші басшысына ұсынылады. |