Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

ҒАЖАЙЫП ҚАЗАҚСТАН - 2050

🔰🔰🔰 Ұстаз, ақын, композитор, күйші, Ыбырай Алтынсарин төс белгісінің иегері  Оспан Сүлейменұлының 75 жас мерейтойына орай, 4 сәуір күні, сағат 14.00-де Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында  үлкен іс-шара өтті. Іс-шараға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен 6-сынып оқушылары қатысты. Бұл шараның өтуіне себепкер болған  республикалық «Ғажайып Қазақстан -2050» журналындағы «Бала күйші» атанған  күй шебері –Оспан қажы мақаласы. Өз өмірін жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде орасан зор  еңбек сіңіргені және  шет елдерге оқушыларымен ел дәстүрін насихаттап, қазақтың киелі домбырасымен өнер көрсеткені  туралы жазылған. Бұл шараға келген қонақтар  жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәдібек Түгел, Мариям Дүйсекейқызы- ұлағатты ұстазы, республикалық «Қарашаңырақ» ұлттық тәрбие беру орталығының төрайымы Тұрар Саттарқызы, Республикалық  билер қауымдастығының  төрағасы Әнаурбек Ералы, республикалық «Астана ақшамы» газеті  бас редакторының  орынбасары Ғалым Қожабековтер ыстық  ықылыспен, естеліктермен бөлісті. Шара соңында  газет-журналдың президенті Болатбек Исаұлы Әбдікәрім  жиналған қауымды рамазан айымен құттықтап, осындай азаматтардың игі істеріне жақсылық тіледі. Естелік суретке түсіп, рухани көтеріңкі көңіл-күймен тарады.



Просмотров: 119

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2024 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год