"Наурыз мейрамы"
🔰🔰🔰 Наурыз мейрамы
Бүгін, наурыз айының 21-і күні Астана қаласы,
Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, "Ататүрік" саябағында“Наурыз” мейрамы өткізілді. Биылғы наурыз мейрамының ерекшелігі, мейрамға арналған киіз үйге ұлы тұлғаларымыздың есімінің берілуі болды. Біздің 16 орта мектебімізге “Төлеген Айбергенов ауылы” деген атау берілді. Киіз үйде ақынға арналған арнайы бұрыш ұйымдастырылды, ақынның кітаптары, мерейтойларынан естелік суреттер альбомы, ақын туралы жазбалармен безендірілді.
Ауылымызға келген халықты, әріптестеріміз құшақ жая қарсы алып, “Наурыз көже”, тағы басқа ұлттық тағамдардан дәм татырды.
Мерекелік бағдарламамыз ақын Т.Айбергеновтің өлеңімен басталып, Қыдыр атаның "батасы", Ақ әженің "аластауымен" жалғасын тапты. Сондай-ақ, бағдарламада ұлттық ойындар мен қазақтың “Бастаңғы” дәстүрі көрсетіліп, түрлі әндер мен биге ұласты.
Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!
Просмотров: 96
Комментарии