"БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДАҒЫ БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛ"
🔰🔰🔰 Ақпан айының 27 жұлдызында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында жетекшілік еткен қазақ тілі пәні мұғалімдері Асемова Г.Х және Смагулова А.Б. "БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДАҒЫ БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛ " тақырыбында 1-ші сынып оқушылары арасында сайыс өткізді.Іс-шараға көрермен ретінде мектеп әкімшілігі мен ұстаздар, оқушылар және ата -аналар қатысты.
Үш кезеңнен тұратын сайысымыздың шарты:
1-ші кезеңде әр ұлт өкілдері әсем өлең жолдарымен өздерін таныстырып шықты.
2-ші кезеңде әр ұлт өкілдері өздерінің салт -дәстүрлерімен таныстырып ,ұлттық тағамдарын ұсынды.
3-ші кезеңде әр ұлт өкілдері өнерлерін ортаға салып көрермендерді таң қалдырды.
Мақсаты:елімізде тұрып жатқан әр ұлт өкілдерінің соның ішінде қазақ,өзбек,беларус,неміс ұлттарының мемлекеттік тілде сөйлей алуын насихаттап,салт -дәстүрлері мен ұлттық тағамдарын және өнерлерін әшкерлеу.
Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сайыс соңында әділқазылар алқасы өз бағаларын берді.Сайыста қазақ ұлты І орын,өзбек ұлты ІІ орын және неміс ,беларус ұлты ІІІ орынға ие болды.Сонымен қатар сайыскерлерімізге марапаттарымен қоса қазақ тіліндегі қазақ ертегілері кітабы сыйға берілді.Сайысты тамашалауға келген көрермендер өз ризашылықтарын білдіріп алғыс ,тілектерімен бөлісті.
Просмотров: 141
Комментарии