🔰🔰🔰 2023 жылдың 1 ақпанында 8 "В" және 8 "Г" сынып оқушылары тарих пәні мұғалімі Ж.Д. Жазнаева және сынып жетекшілері С.Т.Омарова, Н.С.Нуржановамен "АЛЖИР" мемориалды мұражай кешеніне саяхатқа барды. Мемориалды кешен тоталитаризм дәуіріндегі құғын-сүргін құрбандарының "АЛЖИР"-да өткізген бейнетті күндері мен әрбірінің сарқылмас ерік-жігері жайлы сыр шертеді.
Саяси құрғын-сүргін құрбандарына арналған "АЛЖИР" мемориалды мұражай кешені жүрекке үрей ұялатар орын екенін жоққа шығара алмаймыз. Әйтсе де, кейбір халық көсемдерінің санасыз саясаты мен соқыр озбырлығының ауыр зардаптары мен сұмдық салдарын танытатын аса маңызды тарихи нысан ретіндегі құндылығы да күмәнсіз.