Қалалық семинар: «Тәлімгерлік – жас мұғалімді кәсіби қалыптастырудың тиімді әдісі»
Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы мектеп бөлімі әдіскерлерінің ұйымдастыруымен 2023 жылғы қысқы демалыс кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Тәлімгерлік – жас мұғалімді кәсіби қалыптастырудың тиімді әдісі» тақырыбында жас мамандардың тәлімгерлеріне арналған семинар өтті.
🔹Семинарда директордың бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Г.К.Закирина өз тәжірибесімен бөлісті. Баяндама тақырыбы «Мектептің жас мамандармен жұмыс жоспары. Педагогикалық ұжымда жас маманның бейімделуіне оңтайлы жағдай жасау.
№16 орта мектептің педагог-психологтары Р. Мухамедина, А. Макишева «Сенімді мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, мұғалімдердің жеке тенденцияларын дамыту» тақырыбында тренинг өткізді. Семинар соңы кері байланыспен аяқталды.