ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕН – ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ»
Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы жас мамандарға арналған қалалық практикалық семинар өткізді. Шара №91 мектеп-гимназияда ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты:
- заманауи озық педагогикалық тәжірибені тарату;
- кәсіби қызметін жүргізу үшін қажетті тұрақты практикалық дағдыларды меңгеруіне көмек көрсету;
- кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек беру;
- психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу;
- озық тәжірибемен бөлісу.
Семинар барлық пәндер бойынша өткізілді. Әр пән бірлестіктері бойынша секцияларға бөлініп, үздік педагогтер тәжірибелерімен бөлісті.
🎓Мектебіміздің атынан бұл іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жас мамандары Айдын Есимович, Буйдабек Акжайық және Аружан Жақыпжанқызы қатысты.
👩🏫Жас мамандарымыздың пікірінше семинар-практикум өте ауқымды және жоғары деңгейде өтті. Осындай семинарлардың нәтижесінде біз сияқты ізденіс жолындағы жас мамандарға көптеген тәжірибелер көрсетіліп,шебер сыныптар өткізілді. Өзімізге көптеген керекті мәліметтер мен тәжірибелер, әдіс-тәсілдер жинақтап қайттық, -дейді жас мамандарымыз.
Осындай семинар-практикум ұйымдастырған Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК және
орталық әдіскерлеріне үлкен алғыс білдіреміз!
Просмотров: 109
Комментарии