Жауынгерлік самбодан балалар, жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер арасындағы Астана қаласының ашық турнирі өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды жүйелі түрде спортқа тәрбиелеу және спортшылар арасында тәжірибе алмасу, шеберлікті арттыру мақсатында өткен турнирдің маңызы зор. Жарыстың өтуін Астана қаласы самбо және жауынгерлік самбо федерациясы ұйымдастырды.
Осы турнирде біздің мектеп оқушылар да жеңістен құр қол қайтпады. 2009-2010, 2011-2012 жылдары туылған балалар арасында Астана қаласының ашық турнирінде 42 салмақ дәрежесінде ІІ орын алғаны үшін Алиматов Саян марапатталса, дәл осы негізде 38 салмақ дәрежесінде ІІ орын алғаны үшін Хайруллин Наиль марапатталды.
Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, жарысқа дайындаған жаттықтырушысы Ермек Зейнуллаевичке алғыс айтамыз.