Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте «Жаса, Жайна, Жаңа Қазақстан!» атты мектеп мұғалімдері, қызметкерлері мен ата-аналары арасында сайыс өтті.
Республика күніне орай ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты:
–мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру;
-қолдану аясын кеңейту;
-қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеу болып табылады.
Сайыс бағдарламасы:
1.«Сәлем – сөздің анасы» (таныстыру).
2.«Бәйге» викториналық сұрақтар.
3.«Ұлттық салт-дәстүр» үзінді көрсету.
4.«Ұлттық тағам» жайында не білеміз? Үй тапсырмасы.
5.«Өнерлінің өрісі кең» деп аталатын бес кезеңнен тұрды.
Аталған кезеңдер бойынша қатысқан өзге ұлт өкілдері: Мусабекова Галина Викторовна, Чалык Анна Михайловна, Аскерова Гюльнара Абилгазы, Ергалиева Жанна Ванхаровна және Климова Евгения Андреевна өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық салт-дәстүріміз жайлы сындардан сүрінбей өтті. Нәтижесінде, бастауыш буын оқу ісінің орынбасары – Евгения Андреевна бас жүлдені қанжығасына байласа, информатика пәнінің мұғалімі – Ергалиева Жанна 2- орын, ата-ана Аскерова Гюльнара-2 орын, ағылшын тілі мұғалімі Мусабекова Галина 3-орын. асхана меңгерушісі – Чалык Анна 3 орынды иеленді. Сайыстың әділ төрелігін берген қонақтар тілдерді дамыту және архив ісі басқармасынан идеологиялық жұмыстар және жобаларды жүзеге асыру жөніндегі бөлімнің бас маманы Серік Рысбекұлы Молдабек мырза, «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Сералы Гүлшат Сапарқызы, ақын, ардагер-ұстаз, Есіл ауданының биі Сүлейменов Оспан қажы Сүлейменұлы, мектептің қорғаншылық, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Исанова Сауле Аблайқызы және мектеп директоры Азимханова Сауле Мыншалқызы төрелік етті.
«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» деп санайтын әрбір қазақ елінің азаматы қазақ тілінің мәртебесін асқақтатуда өз үлесін қосатыны айқын. Республика күніне орай тіл мәртебесін арттыруда ұйымдастырылған осындай рухани-танымдық іс-шаралар қатары өз жалғасын таба берсін.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, өз тіліңді білу – ұлттық кодымыз бен рухани мәдениетімізді сақтаудың басты жолы.