Г.М. Қоджаспированың айтуы бойынша, педагогикалық шеберлік - педагогикалық іс-әрекетті жетік меңгеру деңгейі болып табылады. Педагогикалық шеберліктің мәні осы жұмысты жүзеге асыру арқылы оның табысты болуын қамтамасыз ететін мұғалімнің жеке басының қасиеттерінде жатыр. Педагогикалық шеберлік – шығармашылықпен жұмыс істейтін әрбір мұғалімге тән оқыту мен тәрбиелеудің жоғары және үнемі жетілдірілетін өнер.