Қауіпсіздік уақыты
«Қауіпсіздік уақыты» жобасы аясында ата-аналар жиналысын өткізу туралы меморандумға сәйкес Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектепте 8-9 сыныптар арасында жалпы мектептік ата-аналар жиналысын өткізді. Отырысқа: Білім басқармасының өкілі Хасенова Г.Т., Астана қаласының төрешісі Ш.Т.Ерғалиева, Астана қаласының ювеналдық полиция басқармасының бастығы Н.Н.Дощанова, Байқоңыр ауданы прокурорының көмекшісі қатысты. Ата-аналарға Астана қаласындағы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жай-күйі туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында ата-аналар барлық сұрақтарына жауаптарын алды, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оларға қатысты ұсыныстар берілді.
Просмотров: 98
Комментарии