Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
"Қазақстан халқының тілдері күніне», «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына» орай мектебіміздегі іс-шаралар өз жалғасын табуда.
Қыркүйектің 19-ы күні мектебіміздің 9-сынып оқушылары арасында " DO YOU KNOW ABOUT...?" тақырыбында байқау өткізілді.
Байқау 4 кезеңнен 3 тілде болды.
Мақсаты: Оқушыларды ана тілімен қатар мектепте оқытылатын өзге тілдерден де теориялық білімдерін, тіл жайлы ұғымдарын тереңдету, мемлекеттік тілді сүюге, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Нәтижесінде:
1-орын 9"Г"-сыныбы, «Қазақстанның балалары»
2- орын 9"В"-сыныбы, «Эрудит»
3-орын 9"Б"-сыныбы, «Ұлы дала ұстазы»
Қатысқаны үшін: 9"А"-сыныбы, «Отан ананың балалары», 9"Д"-сыныбы, Sound of Our Planet, 9"Е"-сыныбы, «Алаш Орда» топтары марапатталды.
Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншіліктерін барынша пайдалану – еліміздің әрбір азаматының абыройлы міндеті. Осы орайда 9-сынып оқушылары әрбір топ атауын қазақ тілінде таңдап, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге белсенділік танытты.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Абильмажинова Назерке Айдарханқызы үш тілде викториналық сұрақтар, мақал-мәтелдер, аудармалар, ән мәтінінің жоғалған сөзін табу, үш тілдегі әндермен музыкалық көркемдей отырып, жалпы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбегі, ұлтқа жасаған қызметі, отбасы туралы деректер арқылы, оқушылардың білімін кеңейте отырып, көздеген мақсатына жетті. Осы байқауды үш тілде үйлестіріп, мазмұнды, қызықты етіп құрастырған мұғалімнің шеберлігі.
Қазіргі таңда әлемнің мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де, өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен қалмауы үшін көп тілді меңгеруіміз қажет.