«Жас көшбасшылар» мектебінің бірінші отырысы
16 қыркүйек күні №91 мектепте «Жас көшбасшылар» мектебінің бірінші отырысы өтті. Мектебіміздің атынан мектеп парламенті президентінің міндетін атқарушы 11 сынып оқушысы Халилов Нариман қатысты.
Бұл Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Жас көшбасшылар» жиналған оқу жылының алғашқы отырысы. Семинар жоғары деңгейде өтті. Оған Y-PEER еріктілер тобының мүшелері және Назарбаев университетінің студенті, биология ғылымдарының бакалавры Айдана Есламгали қатысып, «Альянс Женских сил» жобасының төрайымы қонақ ретінде шақырылды. Семинарда Y-PEER еріктілер тобының мүшелері шағын тренинг өткізіп, мектеп оқушылары үшін өзекті тақырыптар туралы сөз қозғалды.
Жас көшбасшыларға, оқушыларға арнап өткізілген мазмұнды семинар үшін №91 мектептің басшылығына және ұйымдастырушыларына алғыс айтамыз.
Просмотров: 299
Комментарии