Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл мерейтойы аясында, қазақ тілі бірлестігінде сынып сағаттары өткізілді
Мектебімізде 5 және 6 қыркүйек күндері Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл мерейтойы аясында, қазақ тілі Бірлестігінде сынып сағаттары өткізілді. 🕵️♂️7 және 9 сыныптарда "Қазақстанның болашағы қазақ тілінде», «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тіл білімінің атасы», «Ұлтын сүйген ұлы жүрек” атты сынып сағаттары және “Менің ана тілім” эссе байқауы өтті. Сынып сағаттында Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беріліп,ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.Сонымен қатар Тіл білімінің негізін қалаған ғалымымыздың мұрасын биікке көтеру , қазақ тілінің беделін асқақтату,Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы, қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынов туралы кеңінен таныстыру жайлы айтылды.
Просмотров: 224
Комментарии