"Музейдегі мектеп күні" мәдени-ағартушылық жобасының тұсаукесері
2022 жылғы 5 қыркүйекте ҚР Ұлттық музейінде "Балалар жылы" аясында ҚР Мәдениет және спорт министрі мен қала әкімінің қатысуымен "Музейдегі мектеп күні" мәдени-ағартушылық жобасының тұсаукесері өтті.
Жобаның мақсаты - білім алушылардың бойында тарихи сана, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту және зерттеушілік дағдыларын дамыту.
Осындай айтулы іс-шарада Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ж.И.Канлыбаева 7 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді.
Қазақ-жоңғар қатынастары тақырыбында оқушылар өздерін жаңа қырынан таныта білді. Музейдегі жәдігерлерді көзбен көріп, қандай батырлар қолданған жайында ақпарат алды.
Жоба оқушылардың еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін тереңдетуге, мектеп пен музей арасында алтын көпір орнатуға мүмкіндік бергенін байқадық. Жоба ұйымдастырушылар мен ҚР Ұлттық музейіне алғыс айтамыз!
#qr_ulttyqmuzeii
Просмотров: 223
Комментарии