Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

«Өз ісінің шеберлері барлық жерде және әрқашан қажет!»

Мамандық таңдау – біздің балаларымыздың алдынан ашылатын алуан түрлі бағыттар мен жолдардың ішінде адамның жас кезінде жасаған негізгі өмірлік таңдауының бірі.
Мамандықты дұрыс таңдау, сондай-ақ әлеуметтік бағдарлау шеберлігі өз әлеуетін іске асыруға, болашақ мамандықты асығыс таңдаудан көңілі қалмауға, өзін және
отбасын болашаққа деген сенімсіздіктен қорғауға көмектеседі. Кәсіптік бағдар беру экскурсиялары қызығушылықтың қалыптасуына үлкен әсер етеді, өйткені олар
қабылдаудың көрнекілігі мен қолжетімділігін талдау, салыстыру және таңдау мүмкіндігін біріктіреді. 2022 жылдың 8 сәуірінде No16 Төлеген Айбергенов атындағы
орта мектептің 9 «Л» сынып оқушылары кәсіптік бағдар беру аясында
Менеджмент және бизнес колледжіне экскурсияға барды
Менеджмент және бизнес колледжінде «Қонақ үй қызметін ұйымдастыру» мамандығы бойынша ағылшын тілінде оқыту басталды. Жұмыс эксперименттік режимде жүргізілуде,
дуальді оқыту бойынша өндірістік практикадан өтуге келісім-шарт жасалды, колледжді бітіргеннен кейін студенттер бірнеше біліктілік бойынша диплом және сертификат алады.
Педагогикалық ұжым мамандарды сапалы даярлауда үнемі жаңашылдықты іздестіруде.
барлық мамандықтар, оқыту мерзімдері мен нысандары бойынша ақпарат, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен - оқу шеберханалары мен зертханаларында,
мультимедиялық кабинеттерде, оқу және спорт залдарында танысты. Жақсы мамандар барлық жерде және әрқашан қажет! Балаңыздың өз ісінің нағыз шебері болғанын қаласаңыз,
Менеджмент және бизнес колледжі - ең дұрыс таңдау!


Просмотров: 178

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2024 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год