"Армысың,әз Наурыз" атты мерекелік ашық тәрбие сағаттары
Біздің мектебіміздің бастауыш сыныптары арасында Әні мен сәні жарасқан "Армысың,әз Наурыз" атты мерекелік ашық тәрбие сағаттары өтті. Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі болғандықтан оқушылар ұлттық ойындар ойнап, қол өнер жасап, салт-дәстүрлері арқылы өз бірліктерін, татулықтарын көрсетті. Ұлдар арқан тартысып, асық атып, қол күрестен жарысты. Қыздар ою ойып , ән айтып, би биледі.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Просмотров: 441
Комментарии