Төлеген Айбергенұлының «Сағынышқа саяхат» атты тақырыбына арналған өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы
2021 жылдың 26 ақпанында Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінде 5 «Е» және 5 «И» сыныптары арасында ақиық ақын - Төлеген Айбергенұлының «Сағынышқа саяхат» атты тақырыбына арналған өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті.
Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білуі, оқу мәнерін меңгеруі, дауыс ырғағының өлеңнің ой-мазмұнына сәйкес болуы.
Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең-сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылар Төлеген Айбергеновтың өмірбаянымен танысып, өздерінің жаттаған өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Мәнерлеп оқу сайысы қорытындысы 5 «И» сыныбы бойынша:
І орын - Абдуалиев Акниет, Тогузбаева Перизат;
ІІ орын - Темірхан Айбарша;
ІІІ орын - Харова Жасмин;
5 «Е» сыныбы бойынша:
І орын - Алескарова Самира, Марциновская Софья;
ІІ орын - Байкенов Бекзат, Джампозов Бекболат;
ІІІ орын - Бахтина Алина , Байженова Аружан. Оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері – Аюпова А. С., Аязбаева К.Б.
Просмотров: 320
Комментарии