«Жамбыл оқулары» атты онлайн байқау
2021 жылдың ақпан айының 15-20-сы күндері Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектептің 6- сынып оқушылары арасында Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай мектепішілік «Жамбыл оқулары» атты онлайн байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы, айтыскер-ақын Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін жаттау арқылы оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Қанымызда бар шешен сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. Оқушылар Жамбылдың шығармаларын мәнерімен нақышына келтіріп оқыды. Байқау барысында оқушылардың өлеңді мәнерлеп дұрыс жеткізе алу шеберлігі, дауыс ырғағы, әртістік қабілеті, өзін-өзі ұстауы басты талаптардың бірі болды.
Байқау қорытындысы бойынша Галеев Султан мен Алдонғар Ансар бас жүлдені иеленіп, ал І орынды Горбунова Яна, Пай Артем, Цой Диана, Самарин Константин, Чаброва София, Абдрахман Бірғаным, Самедова Судаба бөлісті. ІІ орынды Есімғалиева Джанетта, Жусупова Милана, Ринкевич Ольга, Маратова Алина, Дастан Алихан, Калашников Дмитрий, ІІІ орынды Шигапов Ратмир, Исанова Дамиля, Асхатова Азиза, Дауткалиева Диана, Батырхан Анель иеленді. Шакеров Айдар, Ненастьина Оксана, Смыслин Ярослав, Садыкова Зиеда, Мнеян Лаура, Садиева Диана, Долгиева Радимхан белсенділік танытқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды.
Просмотров: 396
Комментарии