Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

Сынып сағаты: «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?»

Бүгін 21.08.2020 ж. Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектепте барлық сыныптар арасында бірыңғай жалпыреспубликалық сынып сағаты өтті. Тақырыбы: «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?»
Сынып сағатының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқу ерекшеліктері туралы оқушыларды хабардар ету.
Сынып сағаты жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында өткізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында әрбір білім беру ұйымында оқыту форматы әрбір өңірдегі санитарлық - эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатындығы айтылды.
Оқу форматын таңдауды сынып жетекшісі түсіндірді. Жиналыста
қосымша білім беру ресурсы ретінде «Балапан» телеарнасы және Тiams, Moodl, Күнделік.kz интернет платформаларын қолданатындығы туралы айтылды. Оқушылар кестеге сәйкес (синхронды немесе асинхронды) оқу сабақтарын өткізу нысандары туралы ақпарат алды.
Техникалық проблемалар туындаған және тікелей трансляциялау мүмкін болмаған жағдайда педагог сабақты асинхронды форматқа ауыстырады.
Онлайн оқу барысында тәртіп ережелерін сақтай отырып, киім үлгісі , баланың жұмыс орны туралы да түсінік берілді.



Просмотров: 436

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2024 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год