Рәміздер күні
Рәміздер күні Мемлекеттік рәміздер - еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет болып табылуы тиісті. Сондай-ақ ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып өзіне тән белгілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша.
Рәміздер күніне байланысты Төлеген Айбергенов атындағы 16 орта мектебінің директоры Айтмухаметова Б.К. бастаған және бір топ оқушылардың құттықтаулары мен Рәміздер туралы оқыған өлең жырларын жолдаймыз!
Мереке құтты болсын!
#МеніңТуым
#МемлекеттікРәміздер
#БізБіргеміз
#МеніңЕлімҚазақстан
Просмотров: 415
Комментарии