Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

«Жас Төлегентанушылармен » әдеби-сазды кеш

Бүгін, 2020 жылдың 10 наурыз күні  Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте  ақынның туған күніне орай  іс-шара  өткізілді. Іс-шараға ұстаздар, оқушылар, ақын  Аманбай Өтебаев, «Сағыныш сазы» ән-күй ансамблі,  жетекшісі дәстүрлі  әнші, күйші   Гүлзағила Барлықова, ҚР-ның   мәдениет  қайраткері, сазгер, ақын, әнші Ахмедияр Есмұханов  «Есіл ағады»  тобымен  қатысты.

       Іс-шара басталмас бұрын  ақынның  мектептегі мүсіні жанында оқушылар және қонақтар  сап түзеп, еске алу рәсімі болды. Мектеп  директоры  Айтмұхаметова Балжан  Қайыртайқызы  дәстүрге  айналған  ақынның туған күніне ақынның замандастарының келіп отырғанын  қуана қабылдап, бүгінгі мерекелік іс-шараға сәттілік тіледі.    

      Оқушылар  Төлеген  Айбергеновтің мүсініне гүл  шоқтарын қойды.  Одан әрі қонақтармен  ақынның музейіне  саяхат жасалды. Музейде  оқушылар  өлеңдер  оқып,  ақынның  «Сағыныш»  өлеңіне  ән жазған сазгер  Ахмедияр Есмұхановтан   сұхбат алды.  Төлеген  Айбергенов туралы деректі фильмдер  көрсетілді.

             ...Мен бүгін сонау көгілдір көлге сағынып ұшып барамын,
             Бірге қақ қанат, қасымнан қалмай, сағынып көрген қарағым.

             Жалғасын сен айт, бұл асқақ әннің, жабылып кетсем мен егер,
            Ғұлама жылдар судырлатқанда  парағын...-деп  ақын жырлағандай  поэзия  кешін «Жас  Төлегентанушылармен»  ақын өлеңдерінен  «Жалғасын сен айт...» айдарымен оқушылар тізбектеп  өлеңдерін  оқыды.

       Ары қарай, «Сағыныш сазы» ән-күй ансамблі Төлеген Айбергеновтің өлеңіне жазылған  «Бір тойым бар», «Сағыныш», «Ақ ерке-ақ Жайық» т.б көптеген дәстүрлі, эстарада әндерін орындап, ақынның туған күніне арналған іс-араның көркін ашты. Дәстүрлі әнші, термеші Тұрсынбек Ошанұлы Т.Айбергеновтің  «Бір тойым бар» өлеңін, ақын Аманбай Өтебаев «Сағыныш» өлеңін нақышына келтіріп оқып, өз заманының биігінде болған ақын туралы замандастары көптеген естеліктер айтты. 

       Жастардың дарынына  жел берген,  ақиық ақын Айбергеновтің  ай сәулелі жырлары жанымызды  ізгілік  пен  мейірімге  бөлеп, өмірді  сүюге  үндеп тұр.



Просмотров: 405

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2024 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год