Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 8-9 сынып оқушылары арасында «Абайды оқыған соң..» атты эссе байқауы 2020 жылдың 25 ақпан айында өткізілді.
Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығын таныту, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру. «Абайды оқыған соң..» атты эссе байқауына 8-9 сынып оқушыларынан 170-ке жуық оқушылар қатысты.Эссе байқауының нәтижесі бойынша: 8 «А» сынып оқушысы Бектилла Жұлдыз I-ші орын,9 «А» сынып оқушыларынан Абдигаппар Нурай I-ші орын,Токаев Асхат II-ші орын,9 «Б»
сынып оқушыларынан Бектилла Дамира,Шарипбекова Жанайым I-ші орын,Әшім Гүлзат II-ші орын,Баратова Алтынай III-ші орын,9 «Д» сынып оқушыларынан Шелестев Илья,Абляш Асем I-ші орын,Эркинбекова Айпери II-ші орын,Шалевская Вера III-ші орын,9 «Г» сыныбынан Вотчел Милена I-ші орын,9 «Е» сыныбынан Аязова Даяна III-ші орынды иеленді.Эссе байқауы оқушылардың білім сапасын арттырып,Абай мұрасына болған қызығушылықтарын арттырды.