Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

«Бар жазғаны даналық боп саналған...»атты мәнерлеп оқу сайысы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген  «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау мақсатында және де ҚР Президенті  Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету қаулысын орындау   мақсатында

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы,философ,композитор,аудармашы, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Төлеген Айбергенов атындағы №16  орта мектептің

7-9 сынып оқушылары арасында «Бар жазғаны даналық боп саналған...»атты мәнерлеп оқу сайысы 2020 жылдың 2-ші наурыз айында өткізілді.

Мақсаты:  Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын мектепішілік сайыс арқылы насихаттау, оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру, дана ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейтуге баулу. «Бар жазғаны даналық боп саналған...»атты мәнерлеп оқу сайысын мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Расулова Еркінай Ахметовна ұйымдастырды.

Бұл сайысқа қазақ сыныбында оқитын 7-9 сынып оқушыларынан 31 оқушы қатысты.Оқушылар «Бар жазғаны даналық боп саналған...» атты мәнерлеп оқу сайысында Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін, поэмаларын өз таңдаулары бойынша мәнерлеп жатқа айтты.Әділ қазылар алқасы осы байқауға қатысқан сайыскерлеріміздің оқу мәнерлерін,сахналық шеберліктерін,дарындылықтарын әділ бағалап,жүлделі орынға ие болған оқушыларды марапаттады.9 «Д» сынып оқушысы Абляш Асема I-ші орын.,

9 «Б» сынып оқушыларынан Бектилла Дамира.,Шарипбекова Жанайым I-ші орын., 9 «Б» сынып оқушысы Әшім Гүлзат II-ші орын .,9 «Д» сынып оқушысы Эркинбекова Айпери II-ші орын.,8 «А» сынып оқушысы Бектилла Жұлдыз I-ші орын.

 



Просмотров: 389

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2024 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год