2020 жылдың 28 ақпан айында Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепің 9 «Б» сынып оқушылары арасында« РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ», «100 кітап» аясында «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты әдеби кеш қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы алыптарының бірі-Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығына байланысты өткізілді
.Мақсаты: жастарды кітап оқуға баулу, ақын-жазушылардың шығармаларын дәріптеу, «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінің мазмұнын, идеясы мен тақырыбын ашу,болашақ ұрпақтың ұлттық рухын қалыптастыру.
9 «Б» сынып оқушылары ақынның «Домбыра», «Ана», «Замана», «О, тіршілік!», «Ана тілің- арың бұл!» «Өз үйің!» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып,оның қаламынан туған ертегілер мен мысалдардан көрініс көрсетіп, жаңылтпаштар мен жұмбақтарды айтты. Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығына байланысты деректі фильм көріп, «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әнін хор сүйемелдеуімен орындады.
Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығына байланысты өткізілген әдеби кеш өте қызықты өтті.