2019 жылдың қазан айының 24-25 күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ-ның ұйымдастыруымен "МЕКТЕП ӘЛЕМІН ӨЗГЕРТЕТІН ҰСТАЗДАР" тақырыбында Х| ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ өтті. Конференцияға АҚШ, Франция, Қытай, Израиль, Нидерланд,Сингапур, Ұлыбритания,Армения, Вьетнам, Ресей Федерациясы елдерінің әйгілі ұстаздары, профессорлар қатысты. Біздің еліміздің де аймақтарынан қаншама ұстаздар келіп тәжірибе жинап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Нұр-Сұлтан қаласы,Төлеген Айбергенов атындағы 16 орта мектеп те бұл іс-шарадан қалыс қалмады. Әріптесіміз Сатекова Айгүл Тилешқызы "Сабақты өзгерту-әлемді өзгерту" тақырыбында "Сабақты зерттеуден мектепті зерттеуге дейін" бағытындағы Симпозиумда өз тәжірибесімен бөлісті.
Утрехт университеті білім беру ісінің құрметті профессоры,Білім беру саласындағы зерттеулер бойынша Еуропалық ассоциацияның экс-президенті Тео Вуббельстің "Мұғалімнен сыныптағы және сыныптан тыс қарекеті", " Мұғалім-оқушы" қарым -қатынасы және оның оқыту ісіндегі маңыздылығы" тақырыбында өткен дәрісі, Шығыс Англия университеті, іс-тәжірибедегі зерттеу бойынша теория мен практика маманы Джон Эллиотттың "Action Research және Lesson Study әдістерін теория мен тәжірибеде жинақтау" тақырыбындағы дәрістерінен өзімізге тағлымы мол тәжірибе жинадық. Халықаралық Конференцияға қатысқан барлық спикерлердің мол тәжірибесі мен зерттеу әдістері бізді тағы да шыңдай түсті. Мұғалімдердің рефлексия және ынтымақтастық арқылы дамуы әлемді өзгертуге өз үлесін қосуына мүмкіндік береді.