Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

«Дос және достық» атты тақырыбында тәрбие сағаты

      Нұр-Сұлтан қаласы  Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектебінде 8-қаңтар күні қазақ бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Дос және достық» атты тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді, оқушы ролінде мұғалімдер болды.

Сабақтың мақсаты: Достарды ажырата білу және достың да адал және амал дос  барын білу.

    Сабақ жақсы көңіл күй сыйлаудан басталды «Жылы жүрек» әдісі арқылы. Мұғалімдер сабақтың мақсатына жету үшін балаларға жақсы мен жаман, адал мен амал достықты ажырата алуға арналған тапсырмалар берілген еді. Айтып кететін болсақ: суреттерде достардың әрекеттерін талдау, мәтін бойынша достыққа талдау жасау, жағдаяттар, скейтч әдісі, венн диаграммасы.  Сабақ барысында мұғалімдер өз достары туралы әңгімені де қозғап, оқушылармен осындай сабақ өткізгенде қандай проблемалар туындайтынын және де амал мен адал досты ажыратуға үйретуді жан жақты қарастырып талқылады.  Жалпы тәрбие сағаты мұғалімдерге ұнады , әр мұғалім өзін баланың орнына қою арқылы ,осы тақырыпта сабақты өткізгенде қандай тәсілдер қолданатынын таңдады.



Просмотров: 727

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2024 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год