Бүгін 08.01.2020ж. күні Нұр-Сұлтан қаласы Төлеген Айбергенов атындағы 16 орта мектепте сынып сағатын тиімді өткізудің жолдары бойынша әдіс алмасу, жоспарлау сағаттары өтті. 7-9 қазақ сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен " Ұлы Жеңіске 75 жыл" тақырыбында өткен сынып сағаты жоғары деңгейде өтті.
Сынып сағаты АКТ-ны тиімді қолдану, оқушылардың таланты мен дарындылығын ескере оқыту, топтық жұмысты тиімді қолдану, оқушылардың ізденіс,зерттеу жұмысын дамытуды мақсатқа ала отырып жоспарланды.
Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысқан ұлы тұлғалардың ерлігін дәріптеу, халықтың бірлігі, жастарға патриоттық тәрбие беру.
Сабақты жүргізген тарих пәні мұғалімі Канлыбаева Ж.И.
Сабақ барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Расулова Е.А. ғылыми-зерттеу жұмысын қорғады. Орыс тілі мұғалімі Амирова Д.К. мен қазақ тілі мұғалімі Жусипова Г.Ж., АӘД пәні мұғалімі Абдрахманов Е.З. өз аталарының соғыстағы ерлігі бойынша таныстырылым жасады. Соңында соғыс жылдарында туған әндер шырқалып, "Рухани жаңғыру", "Мәңгілік елдің" мақсаты мен болашағы туралы таныстырылым көрсетіліп талқыланды