Бүгін қарашаның 14-і Нұр- Сұлтан қаласы Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте : 8 «А», «Б», «В», «Г» сынып оқушылары ұлы ғажайып таланттың иесі, қасиетті де, аруақты әлем әдебиетінің жарық жұлдызы – Абайдың 175 жылдығына орай сыр шертті
Іс-шараның мақсаты:
-Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу
Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Абайдың өн бойы толы рухани байлығын бойларына сіңіріп, білімдерін толықтырды.