Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

Мектебіміздің 40 жылдық мерейтойы

2019 жылдың 23 қарашасында біздің сүйікті Төлеген Айбергенов атындағы №16 мектеп өзінің 40 жылдық мерейтойын атап өтті:
Көптен күткен кездесудің қуанышты сәттерінің дәлелі, бүгінгі мерекелік көңіл күй, бір-бірімен сағына қауышқан ардагер ұстаздар!
Мектеп іші сырлы тарихқа толы 40 жылдық қуанышы мен қызыққа толы естеліктермен безендірілді. Көп жыл еңбек етіп ,бүгінгі күні құрметті демалыста отырған ардагер ұстаздарымыз сүйікті мектебіне деген сағынышты толқуларымен тақырыптық көрмелерді аралап шықты.
«Біздің жадымыздағы өткен жылдар парақтары .." - көрмесінде ұстаздар өздерінің мектептегі жылдарын, өздері білім берген шәкірттерін еске алды ...
«Жылдам, жоғары, күшті!» - осы ұранмен қазіргі балалардың спорттық жетістіктері де мектепті безендіруде үлкен орын алды. Мектептің спорттық жүлдесі жоғары деңгейдегі жетістіктеріміздің бастысы. Қазіргі спортшылардың ата-аналары да, 16-шы мектеп оқушылары!
Сондай-ақ, қонақтар ғылыми-әдістемелік жұмыстардың көрмесін жоғары бағалады - Lesson Study нәтижелері бойынша біздің мектеп қалада жетекші орынға ие, республикалық және халықаралық деңгейде танымал. Мектептің эмблемасы салынған фото мозаика ерекше болды, өйткені ол біздің ең үздік оқушыларымыздың суреттерінен жинақталған!
Педагогикалық әулеттер « Отбасы - бір туған жүректердің одағы» экспозициясымен ұсынылған көрмеде Виноградов, Газизов, Мурзабеков, Величко - Климов, Лепперт - Николаев сынды мұғалімдерінің отбасы туралы баяндалады.
Мектеп директоры Айтмұхаметова Балжан Қайыртайқызы қонақтарға,өз әріптестеріне құттықтау сөз сөйлеп,мектептің қазіргі таңдағы жетістіктерін, білім берудегі мұғалімдердің шығармашылығы мен біліктіліктерін, оқушылардың мектеп қабырғасынан тек қана білім емес, құзыретті, жеке тұлға болып шығатыны туралы айтып өтті. Осы мерекенің құрметті қонақтарының қатарында болып, өздерінің ыстық лебіздері мен құттықтауларын білдірген: «Нұр-Сұлтан» қаласы білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері Есематова Ақбота Бақытқызы және Байтасов Дидар Дулатұлы, №29 орта мектептің директоры Досмагамбетова Қарлығаш Тортаевна және №8 орта мектептің директоры Әйтімова Гүлнұр Ерсайынқызы, №1 өнер мектебінің директоры Сабиев Фархад Кабденұлы, қалалық Қамқоршылық кеңесінің өкілі Сайлаубай Әсел және мектептің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Акшураева Роза Оңғарқызы біздің оқу орнымыздың жаңа биіктерге ұмтылатын, әрқашан жастарға тәлім-тәрбие беруде талмай еңбек ететін , кәсіби деңгейі жоғары ұстаздардың арқасында мектеп жылдан-жылға көркейіп, биіктен көрініп келе жатқандығын атап айтты.
Мектептегі айтулы күн туралы айта отырып, бізге сара жол салып кеткен, бар жақсысын, маңдай терін төгіп еңбек еткен алдыңғы буын ұстаздарымызды еске алмау мүмкін емес, сол кісілердің атынан және өздерінің атынан бүгінгі мерекеде тебірене сөз сөйлеген Тургумбаева Сайран Абдикешевна, Жусупова Сауле Абдуназаровна, Юнина Людмила Ивановна және Галимжанова Зейнат Кабылдаевналардың жылы лебіздері жүректерді жылытып, сүйіспеншілік пен ризашылық сөздері, ұстаздар ұжымына ынтымақтастық пен бірліктің, көргендік пен өнегенің кілтін табыстағандай болды. Біздің мектептегі мұғалімдердің біразы сол тәлімгерлерінің ізімен жүрген кешегі түлектер екендігі таңқаларлық емес.
Біздің мектеп - дәстүрлерді сақтаушы, керемет мұғалімдер жинаған баға жетпес педагогикалық тәжірибе, бұған дәлел- мұғалімдердің қазіргі хоры!
Қуаныш пен толқыған көңілден, сағынышқа толы жанарлар, сезімге толы көздер, естеліктер, құттықтаулар ...
Мұның бәрін мерекеге қатысқандар ұзақ уақыт есте сақтайды.
Оқу жылы уақытты сөзсіз санайды, алда келесі мерейтойларымыз да жақындап келеді, ал біздің Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебіміз әлі де жас болып қала береді, өйткені бұл қабырғалар жыл сайын жаңа балалар үнімен толығады.



Просмотров: 794

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2024 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год