Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

«Намыс пен Рух» рухани-патриоттық кеші

Бүгін 7-ші қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігінің Тілдерді дамыту жəне архив ісі басқармасы «Руханият» орталығы Оқушылар сарайында Рақымжан Қошқарбаевтың 95 жылдығына арналған «Намыс пен Рух» рухани-патриоттық кеші өткізілді.

Мақсаты:  Қан майдан жылдарында ерліктің асқақ үлгісін көрсетіп,  жеңіс жалауын желбіреткен батыр бабамыз,  Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевты еске алу,  қайраткер рухына тағзым ету. Батыр бабамыздың даңқты жолын жаңғырта отырып,  өскелең ұрпақ бойына ұлттық намыс пен елдік рухты сіңіру. 

Рухани тағылымды кешке  16 орта мектептің 8 «Б» сынып оқушылары мен жетекшісі Қаңлыбаева Жазира Ибрайымқызы куə болды.  Кеш барысында соғыс жылдарында ерен ерлік көрсетіп, қайтпас қайсарлық танытқан батырлар туралы Қ.Қуанышбаев театрының əртістері сахналық көрініс көрсетіп, қазақ эстрадасының өкілдері патриоттық əндер шырқалды. Одан өзге де арнайы бейне көріністері көрсетіліп,  жас жеткіншектер өз өнерлерін ортаға салды. Кеш көрермендері өскелең жас ұрпақтар өздерінің рухани-патриоттық сезімі мен рухани  құндылықтарын арттырып қайтты.

 



Просмотров: 355

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2024 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год