Бүгін, 24.10.2019 жылы Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Біздің қаламыздың көшелері" атты қалалық жоба бастау алды. Іс-шараға "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің директоры Нұрпеисов Үкібай Абдуманапұлы және Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің директоры Айтмұхаметова Балжан Қайыртайқызы қатысты . Оқушылар өз жобаларын ұсынды, олар музыкалық номерлерін тамашалады. Нұр - Сұлтан қаласы "Рухани жаңғыру" жобалау кеңсесінің директоры өз сөзінде мектептерді біріктіруге және жұмысты жалғастыруға, ұмытылған есімдердің атын жаңғыртуға шақырды. Әр бала мен оның ата-анасы, мектеп көшелерге атау беру жобасына қатысып, қала тарихында өз ізін қалдыра алады.