Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

«ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының кітапханасы» ММ Мұражайына экскурсиялық саяхат

2019 жылы 3-і қазан күні «ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының кітапханасы» ММ Мұражайына экскурсиялық саяхат.

Мақсаты: Көк байрақтай киелі, батыр бабалардың аңсаған арманындай қасиетті ел Тәуелсіздігінің қадір-қасиетін, бейбітшілік құшағындағы еркін елдің егемендігін, ұлт мұрағатын арқалаған Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың реформаторлық жемісті идеясын жас ұрпақ – жаңа буынға дәріптеу, олардың елдік және ерлік ұстанымдарын қалыптастыру, жүректеріне Ұлы дала еліне деген махаббат сезімін ұялату, шежірелі ата тарихымен ұлттық сананы бірегейлендіру. Ұлы даланың рухани құндылықтары мен мұраларын насихаттау.   

 Экскурсияға Т.Айбергенов атындағы  №16 орта мектебінің 8«Б» сынып оқушыларымен жетекшісі Қаңлыбаева Жазира Ибрайымқызы қатысты. Экскурсиямыз Елбасының кітапхана мұражайындағы ән ұраны, мемлекеттік туы, рәміздерін таныстыруымен бастау алды. Көзбен көру арқылы Елбасының өмір баяны, балалық шағы мен шығармашылық тарихи танымдылығымен танысып көптеген мағлұматтар алып балалар өз қызығушылықтарын танытты. 




Просмотров: 495

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2024 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год