КАРЛАГ мемориалдық мұражайына экскурсиялық саяхат
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, 12.04.2019 жылы күні Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің тарих пәні мұғалімдері Г.А.Рахимгулова, Ж.И.Канлыбаева, қазақ тілі мұғалімі К.Е.Буркутбаева және Туризм Өлкетану жас саяхатшылар клубы мен бірге Қарағанды қаласында Долинка ауылындағы орналасқан КАРЛАГ (Қарағанды еңбекпен түзету лагері) мемориалдық мұражайына экскурсиялық саяхат жасады.
Мақсаты: Рухани жаңғырту аясында Ұлттық бірегейлікті сақтау - ұлттық сананың кемелденуі.Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің, тіліміз бен тарихымыздың, әдебиетіміздің, жоралғыларымыздың, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуы. Оқушылардың тарихи танымдылығын арттыру. Экскурсияға 5-8 сынып оқушыларынан 72 бала барды, оқушылар тарих кітаптарын ғана оқып ғана қоймай, өз көздерімен көру арқылы тарихи танымдылық қасиеттерін және көптеген мағлұматтар ала білді. Мәдени патриоттық сезімдері оянып, қазіргі кездегі бейбітшілік заманда тіршілік етулеріне ризашылығын танытты.
Просмотров: 413
Комментарии