06.04.2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы №58 мектеп-гимназиясында алғаш рет «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» үстел ойыны өткізілді. Қалалық турнирге 16 мектеп қатысты. Оның ішінде Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің 5-і, 6-ы сынып оқушылары Асқар А., Оразәлі Ә., Абубакир Д., Бақтыбай С. қатысты. Турнирдің мақсаты: ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ туралы алған білімдерін оқушылар ойын арқылы өз бастарынан өткізіп білімдерін шыңдай түсу, салт-дәстүр, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойларына сіңіру. Турнир 3 кезеңнен тұрды. 2 кезеңнен де сүрінбей, белсенділік танытып 6 «Ә» сынып оқушысы Бақтыбай Саят өз білімімен шеберлігін көрсетіп алға озып шығып СҰЛТАН атағына ие болды. Ойын соңында қатысқан оқушыларға марапаттау кезінде құры қол қайтармай сыйлық табыстады. Жетекшілік етіп Сұлтан атануына үлес қосқан тарих және география пән мұғалімі Канлыбаева Ж.И.