Меню KDT
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются через службу технической поддержки (тикет)


Астана қаласы әкімдігінің  "Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп"
шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын







8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz

 

Торайғыровтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш

28 ақпан күні Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өткізілді. «Ақын есімі –ел есінде» атты әдеби-сазды кешке ақын,қоғам қайраткері Оспан Сүлейменұлы қатысып «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша, ұлттық болмысымыз,ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі сақталуы туралы өз пікірін оқушыларға білдірді. «Ақын есімі – ел есінде» атты әдеби-сазды кештің мақсаты: Сұлтанмахмұттың өмірі мен шығармашылығына тоқталу,   қаламгердің әдеби мол мұрасын насихаттау. Сұлтанмахмұт Торайғыров жырларын жастар сүйсініп оқиды. Табиғаты таза ақын поэзиясы жастардың махаббатқа адалдық сезімін, туған жерге, туған елге сүйіспеншілік сезімін, ата-анасына деген перзенттік сезімін, адамзатқа деген адамдық сезімін тәрбиелейтін қуатқа ие. Әдеби кеш барысында С.Торайғыровтың өмірі туралы бейнематериалдар, фото-шежіре слайд көрсетіліп, ақиық ақынның «Шәкірт ойы»., «Бір адамға»., «Оқып жүрген жастарға» атты өлеңдері оқылып, «Қамар сұлу» романы бойынша сахна көрінісі қойылды.Әдеби кеш өте қызықты өтті.



Просмотров: 619

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Фотогалерея

Пайдалы сілтемелер

АСТАНА қ. 2024 жылы, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп.
Астана қ. Кенесары көшесі, 81 тел.8 (7172) 50 16 65
mail@sh16.edu.kz


Разработчик ТОО "BenchMark Consulting". © Все права защищены. 2015 - 2016 год