ҚР Қорғаныс министрілігімен қызметтестігі және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылғы 3 ақпанда Қазақстан Республикасы Қарулы күштер әскери-патриоттық орталығында кадет сыныптарына жалауды салтанатты табыстау рәсімі өтті (№№4,16,29,35,37,53,63,70,71,77,78,80 мектептері, 200 оқушы). Табыстау рәсімі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник С. Жасұзақов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев, ҚР БҒМ маманы К.Жахиннің қатысуымен өткізілді. Кадет сыныптарына туды табыстау, жауынгер туының ұшқыны ретінде: ар-намыстың, ерліктің, борыштың таңбасы, Астана қаласының 20-жылдығында, кадеттердің дамуына оңтайлы жігерлік береді, АӘД ұйымдастырушы-оқытушылары үшін қазақстандық патриоттығын қалыптастыруда «тиімділік үлгісі» болып табылады. Астана қаласында 20 мектеп базасында 30 кадет сыныптары құрылған, 650 кадет санымен.