Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте 6-7 сынып оқушылар арасында «Би терапиясы – эмоция түстері» фестивалі өтті. 2018 жылы 10 ақпанда мектеп психологтері А.С.Макишева, В.В.Хлопова, Л.А.Таханова «Би терапиясы – эмоция түстері» фестивалін өткізді. Іс-шараны өткізу мақсаты – психологиялық денсаулығын насихаттау. Би билеу денеңізге көңіліңіз толтырып, өзіңізді әдемі, тартымды етіп сезінесіз, би қоршаған ортаны сезінуге, адамдармен қарым-қатынасқа түсуге жеңілірек болады, бұл көңіл-күйді көтеретін тамаша әрі пайдалы әдіс. Би әсіресі өзіңде негативтік эмоциясы бар адамдарға пайдалы. Би терапиясы депрессиядан шығарады, күрделі психологиялық проблемалардан шығуға көмек береді. Би билегенде бақыт гормоны - эндорфиндер шығады. Жеребе қорытындысы бойынша әр командада әр түрлі бидің стилі болды (вендік вальс, әскери стилі, ковбои, африкан стилі, 80 жылғы стилі, сиқырлы стилі, мысықтар, ФБР агенттері, стиляга, Майкл Джексон стилі). Командалар би билеуге креативті дайындалған. Әр команда көрермендерге өз сезімдері мен эмоцияларын көрсете білді. Іс-шаралар жалпы флешмобпен аяқталды. Әр команда түрлі номинацияларда грамотамен марапатталды.