Біздің мектептің оқушылары мен мұғалімдер үшін В.С.Высоцкийке арналған «Помедленнее он не мог…» - эпиграфымен әдебиет кеші өткізілді. Ақынның 80-жылдық мерейтойына арналған әдеби-музыкалық композиция 11 «а» және 10 «а» сынып оқушылары орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері И.М.Токарева мен Т.М.Бердикулова жетекшілігімен өткізілді. Оқушылар ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы әңгімелері, жырларын мәнерлеп оқып бергендері, әдеби кешті тамашалауға жиналғандардың қошеметіне бөленді. Оқушылар қолдарына майшамды ұстап ақын, артист, әншіні еске алулары әсерлі болды.