«Жаңартылған орта білім аясында формативтік бағалауды ұйымдастыру және өткізу»
2018 жылғы 20 қаңтарда Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектепте «Жаңартылған орта білім аясында формативтік бағалауды ұйымдастыру және өткізу» тақырыпқа №16 орта мектеп, №32 мектеп гимназиясы, № 31 мектеп-гимназия, №36 орта мектеп мұғалімдеріне тренингі өткізілді. Формативтік бағалау бойынша тренинг қатысушыларға өте тиімді және танымды өтті. Тренинг барысында бір кластер мұғалімдері формативтік бағалау көмегімен қалай оқушылар мен мұғалімдердің жұмысын тиімді және нәтижелі жақсарту тәжірибесімен бөлісті. Тренинг өте өзекті, өйткені бағалау жүйесін қайта ойлау қажеттілігі бар, бағалау жүйесі мұғалім, оқушы, ата-ана, сынып жетекшісі, сонымен қатар, әкімшілік пен педагогикалық ұжымның үнемі тығыз байланысын қарастырады. Тренинг қатысушылары өз нұсқаулықтарында қала мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуын жалғастыруды ұсынды.