2018 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың жолдауы
Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектеп ұжымы ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың халыққа жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» қарастырылды. Мектеп директоры Балжан Каиртаевна Айтмухаметова 2018 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың жолдауында «Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық. 2017 жылы біздің ел БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. Біз дүниежүзілік ЭКСПО мамандандырылған көрмесін өткізу үшін әлемдік қоғамдастық таңдап алған ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасындағы бірінші мемлекет болдық» - деп жолдаудан үзіңді оқыды. Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты.
Директордың орынбасары Г.К.Закирина Ел басының баяндауынан бейнефильм көрсетті және еліміздің дамуының 10 басымдық бағыттарын ерекше көрсетті. Бастауыш сынып мұғалімдері Президенттің бейнебаяндамасын мұқият тыңдап және ел дамуындағы 10 негізгі міндеттерін зерттеді. Аса көңіл мұғалімнің мәртебесіне бөлінген. Білім саласының барлық деңгейі қазіргі заманғы ақиқат пен экономика талаптарына жауап беру керек. Ұжым Қазақстан Республикасы Президентінің қойыған барлық міндеттерін жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастырады.